28.10.2009, 14:00 2690

Қазақстан ЕҚЫҰ -ына төрағалық жасау барысында Ресейдің Еуропадағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру туралы бастамасын ілгерілетуге тырысуға тиіс емес - сарапшы

Қазақстан ЕҚЫҰ -ына төрағалық жасау барысында Ресейдің Еуропадағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру туралы бастамасын ілгерілетуге тырысуға тиіс емес - сарапшы

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - Карнеги қорының аға ғылыми қызметкері Марта Олкоттың пайымдауынша, Қазақстанның ЕҚЫҰ -ына төрағалық жасау барысында Ресейдің Еуропадағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасы туралы бастамасын ілгерілетуге тырысуы орынсыз. Бұл туралы ол бүгін ҚР СІМ-де өтіп жатқан "Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер" атты халықаралық конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

М. Олкотт атап өткендей, бүгінде Қазақстанның әріптес-мемлекеттері "ұйымға төрағалық жасау барысында Қазақстан оларға ұнамды мәселелерді шешіп береді деп үміттенеді". Атап айтсақ, оның пікірінше, "мәселен, Еуропадағы қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құру жөніндегі Ресейдің талпынысы секілді аса күрделі кешенді мәселелер бар. Бұл ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтын бір жылда шешіле салатын мәселе емес", - деді сарапшы.

"Егер Қазақстан жағы бұл мәселені өзіне тым жақын сезініп, шешіп жіберуге тырысатын болса, онда Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы проблемалардың түпсіз тұңғиығына батып кетуі мүмкін", - деді ол.

"Қазақстан тарапынан осындай көптеген мәселелерді бір жылда шешуге тырысу қателік болар еді. Оның үстіне ЕҚЫҰ құрылымы да ондай идеалды емес", - деп мәлімдеді Карнеги қорының өкілі.

"Мен бұл мәселелерді тек талқыға салуға шақырамын, бірақ оны шешу үшін өз төрағалығын пайдалануға талпынбауды ұсынамын", - деді М. Олкотт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны