24.05.2010, 14:24 3730

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұзаққа созылған қақтығыстарды реттеуге үлесін қосатын болады - Саудабаев

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұзаққа созылған қақтығыстарды реттеуге үлесін қосатын болады - Саудабаев

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ұзаққа созылған қақтығыстарды реттеуге үлесін қосатын болады. Бұл туралы бүгін приднестровьедегі ахуалды реттеу жөнінде "5+2" форматындағы консультациялар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

ҚР СІМ Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Астанада ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың бастамасымен приднестровьедегі ахуалды реттеу жөнінде "5+2" форматында (тараптар - Молдова, Приднестровье, дәнекерлер - ЕҚЫҰ, Ресей, Украина және бақылаушылар - ЕО, АҚШ) консультациялар өтіп жатыр. Аталмыш кездесуді Қазақстан Елордасында өткізу туралы келісімге 2010 жылдың 1- сәуірінде Қ.Саудабаевтың Кишинев және Тираспольге жасаған сапар барысында қол жеткізілген болатын.

"Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарына сәйкес, ұзаққа созылған қақтығыстарды, приднестровьені қоса, реттеу ЕҚЫҰ-дағы Қазақстандық төрағалығының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Біз приднестровье мәселесін диалогқа қатысушы тараптардың барлығының мүдделерін ескере отырып, тек бейбіт, саяси құралдармен ғана нақты шешуге бел буғанбыз. Қазақстан үшін Приднестровьеге тиісті мәртебені қамтамасыз ете отырып, Молдованың егемендігі пен территориялық тұтастылығын сақтау, аумақ тұрғындарының саяси, экономикалық және гуманитарлық құқықтарын сыйлау принципі реттеу формуласы болып табылады", - деді Қ.Саудабаев консультацияны ашу барысында.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы атап өткендей, реттеу процессі өміршеңдігімен және тиімділігімен ерекшеленуі тиіс. Келіссөздер - ресми және бейресми, екіжақты және көпжақты болсын - сенім шараларын іске қосуға, мәселелерді белгілеуге және мүмкін болатын оқиғаларға дер кезінде біріге отырып шешуге қажет. Тараптар арасында түрлі деңгейдегі байланыстар үшін іске асатын механизмдерді ретке келтіріп, нығайту өте маңызды. Осыған орай, 2010 жылға белгіленген өзара ықпалдасу жөніндегі барлық семинарлардың өткізілуін қамтамасыз ету қажет.

Позитивті мысалдар бар екендігі де аталып өтті. Атап айтқанда, Кишинев пен Тирасполь арасындағы іс жүзіндегі мәселелерді шешуде ілгерілік белгілері байқалуда.

2006 жылдан бері приднестровьені реттеу жөніндегі келіссөздер бейресми форматта өтіп келеді. "5+2" форматының толық атауы - Приднестровьелік реттеу жөніндегі келіссөздер процесінің шеңберіндегі саяси сұрақтардың тұрақты кеңесі. 2006 жылдан бері саяси реттеу мәселелері формат шеңберінде талқыланбағандықтан, "5+2" кездесуі сол кезден бастап бейресми мәнге ие болды.

"...Біз бейресми кездесулерден ресми келіссөздерге көшу керек деп ойлаймыз", деді осыған орай Қ.Саудабаев.

Сонымен қатар, Қазақстан СІМ басшысы приднестровье мәселесін реттеу жөнінде Ресей мен Украина президенттерінің мәлімдемелерін оң бағалайтыны жеткізді. "Аймақтағы жағдайды және шығу жолдарын іздестіру болашағын ушықтырып жібермеу үшін Молдова мен Приднестровьеге біржақты іс-әрекеттерден алшақ болуға бағытталған үндеуді біз қолдаймыз. Мәлімдеменің маңызды тұсы - 2009 жылдың 18 наурызындағы қазіргі операцияның бейбітшілік кепіліне ЕҚЫҰ аясында тронсформациялануы туралы құжатқа ұстанымдылығында. "5+2" консультациясының шеңберінде аталмыш транформацияның тиімді жолдарын келісілген түрде түсіну қажет", - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

Бақылаушы тараптар - Еуропалық Одақ пен АҚШ берген бағытта біріге жұмыс істеудің маңыздылығын атай отырып, "Жағдайды реттеу - аймақтағы демократияның дамуы мен гүлденуін қамтамасыз етудегі сыртқы фактор болып табылады",- деді ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны