05.10.2009, 17:14 3129

Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің басқару және қаржы жөніндегі Консультативтік комитетінің төрағалығы қызметіне кірісті

Қазақстан ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің басқару және қаржы жөніндегі Консультативтік комитетінің төрағалығы қызметіне кірісті

Астара. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан 1 қазанынан бастап ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің басқару және қаржы жөніндегі Консультативтік комитетінің (БҚКК) төрағалығы қызметіне кірісті. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Құрамына ЕҚЫҰ-ға қатысушы 56 мемлекет толығымен кіретін БҚКК Тұрақты кеңеске консенсустық негізде қабылданатын ұйымның бюджеттік саясаты, ЕҚЫҰ-ның қаржылық процестеріне бақылау және ұйым ресурстарын басқаруға қатысты нормативтік ережелердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты ұсыныстар әзірлейді",- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, өз қызметінде БҚКК төрағасы барлық ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мүдделерін ескере отырып, жоғарыдағы мәселелер бойынша ұйымның атқарушы құрылымдары мен делегациялар арасында үйлестіру жұмыстарын атқарады және Тұрақты кеңес пен ЕҚЫҰ-ның Дайындық комитетіне өкіл болып табылады.

"БҚКК төрағасы ретінде еліміз алдында бірқатар маңызды тапсырмалар, оның ішінде жақын кезеңде 2010 жылдарға арналған ЕҚЫҰ ортақ бюджетін мақұлдауға қатысты келісімдер процессін жүргізу мәселелері күтуде. Бұған қоса 2010 жылдың қаңтарынан бастап қатысушы елдердің жарна көлемін анықтауға қатысты ұстанымдарын үйлестіру жұмыстары күтуде. БҚКК- дағы төрағалық тапсырмаларының бірі ретінде Қазақстан Венадағы делегациялар арасындағы сындарлы ынтымақтастықты нығайту және ЕҚЫҰ институттарымен далалық миссияларының өз мандаттарын тиімді орындауына қолайлы жағдай туғызу мәселелерін қарастырмақ",- деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны