02.07.2009, 18:38 2743

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау аясында ел аумағында ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының кездесуін ұйымдастырады

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау аясында ел аумағында ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының кездесуін ұйымдастырады

Астана. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау аясында ел аумағында ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының кездесуін ұйымдастырады. Бұл туралы бүгін Испанияның сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Біз Қазақстан ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасаған кезде ұйымға мүше елдердің мемлекет басшыларының кездесуін шақыруға бағытталған жұмыстарды бастауға ұйғардық", - деді М. Моратинос.

Оның айтуынша, "бұл осы ұйым үшін жаңаша саяси серпін береді".

Сонымен бірге, оның хабарлауынша, Қазақстан президентімен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев оған екінші дәрежелі "Достық" орденін табыс етті.

"Бұл марапат менің екі ел арасындағы қарым-қатынастың беки түсуі үшін жасап жатқан бірлескен жұмыстарым мен біздің достығымызды паш етеді", - деді М. Моратинос.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Испанияның арасындағы екіжақты деңгейдегі қарым-қатынас тамаша деуге болады. "Сонымен бірге, екі елдің арасында жақын іскерлік байланыстар орнаған", - деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны