08.12.2009, 14:53 3284

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауға дайын - Тәжин

Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауға дайын - Тәжин

Астана. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасауға дайын. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысынан кейін журналистерге ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басымдықтары 2010 жылғы қаңтардың ортасында ресми түрде жарияланатын болады, деді ол.

"Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне іс жүзінде дайындала бастадық. Біз қазір Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге толықтай дайын деп айта аламыз. Де-юре - төрағалық 2010 жылғы қаңтардың 1-нен басталады, де-факто - Афиныда өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысынан кейін төрағалық басталып кетті. Мұнда атап өтерлігі, мемлекет басшысы ЕҚЫҰ-ның проблематикасы, ЕҚЫҰ-ға төрағалықтың проблематикасы жөнінде өте ауқымды жұмыстар жүргізді. Біздің ірі еуропалық әріптестерімізді қосқанда ЕҚЫҰ-ның жетекші елдерімен көптеген кездесулер мен консультациялар жүргізді", деді ол.

М. Тәжин Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің делегациясы Афиныда табысты жұмыс істегенін атап көрсетті. "Олар айтарлықтай, соның ішінде 2010 жылы Қазақстанда өткізілуі мүмкін саммитке оң көзқарасқа қатысты салмақты резолюцияға қол жеткізді", деді ол.

"Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы мәселесі бүгін тағы бір нақтыланды. Мемлекет басшысы тарапынан қосымша тапсырмалар алынды. Тұтастай алғанда, мемлекеттік хатшы-сыртқы істер министрі басқаратын мемлекеттік комиссия белсенді және тиімді жұмыс істеуі тиістігі атап өтілді", деді М. Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны