26.07.2007, 15:30 3060

Қазақстан елшісі АҚШ президентіне сенімхатын табыс етті

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Вашингтон қаласында Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов АҚШ президенті Джордж Бушқа сенімхатын табыс етті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сенімхатты табыс ету рәсімінен кейін сенімділік пен достық ауанында өткен сұхбат барысында Е.Ыдырысов АҚШ президентіне еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық даму басымдықтарымен таныстырды.

Өз кезегінде Дж. Буш Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынасқа жоғары бағалап, өз елінің Қазақстанмен арадағы стратегиялық әріптестік аясын кеңейту мен оны тереңдете түсуге айрықша маңыз беретінін атап өтті. Сонымен бірге Дж. Буш ел президентінің басшылығымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформалардың ауқымына таңданыс білдірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны