14.07.2008, 15:41 1360

Қазақстан елшісі Израиль президентіне сенім грамотасын тапсырды

Қазақстан елшісі Израиль президентіне сенім грамотасын тапсырды

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ғалым Оразбақов бүгін Израиль мемлекетінің президенті Шимон Переске сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсім аясында болған әңгіме кезінде қазақстандық дипломат Израиль басшысын бүгінгі Қазақстанның дамуы, елдің сыртқы саяси бастамалары, сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың қазақстан-израиль ынтымақтастығын белсендету бойынша қойған міндеттер жайында хабардар етті. Екі елдің Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес пен Илемдік және дәстүрлі діндер съезі аясындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығы айрықша атап көрсетілді.

Израиль президенті Қазақстанның қазіргі әлемдегі артып келе жатқан ролін, елдің даму қарқынын таңданыспен атап өтті. Израильдің екіжақты қатынастардың барлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастыққа әзір екені айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны