21.05.2007, 12:38 3011

Қазақстан ЭСКАТО-ның СПЕКА бағдарламасын жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды

АЛМАТЫ. 21-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан ЭСКАТО-ның БҰҰ-ның Орталық Азия елдерінің экономикасына арналған арнаулы бағдарламасын (СПЕКА) жүзеге асырудағы ролін жоғары бағалайды. Бұл туралы бүгін Алматыда БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы аясында ЭСКАТО-ға мүше елдердің министрлерінің отырысының ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз СПЕКА аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерінің Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 63-сессиясы мен ЭСКАТО-ға мүше елдердің Азия-тынық мұхиты бизнес форумының күн тәртібінде айрықша орынға ие болғанына қуанамыз",- деді президент. Н.Назарбаевтың айтуынша, Орталық Азия елдерінің географиялық ерекшелігі - олардың құрлықтың терең кіндігінде орналасуы болмақ. "Қазақстан әлемдегі мұхитқа шығар жол жоқ ең ірі елдердің бірі ретінде түрлі транзиттік-транспорттық құбыр жобаларын жүзеге асырудан мүдделі және оларды қолдауға дайын",- деді мемлекет басшысы.

Оның пікірінше, "теңізге шығар жол жоқ дамушы елдердің Алматы іс-қимылдар бағдарламасын тиімді жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аудару қажет". "Орталық Азия мен АСЕАН елдері арасындағы аймақаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін АСЕАН+Орталық Азия саяси және экономикалық диалогын құру орынды болар еді",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны