21.04.2011, 12:44 5168

Қазақстан Эстонияның халыққа электрондық қызмет көрсету тәжірибесін үйренуге әзір

Қазақстан Эстонияның халыққа электрондық қызмет көрсету тәжірибесін үйренуге әзір, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 21 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Эстонияның халыққа электрондық қызмет көрсету тәжірибесін үйренуге әзір, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Республикасының Премьер-министрі Андрус Ансиппен кездескен. Кездесуде Эстония Премьер-министрі ҚР Президентіне IT-технологиялар саласындағы Эстонияның тәжірибесі туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Біз сіздердің мамандарыңызды шақыруға және Эстонияның халыққа электронды қызмет көрсету жөніндегі тәжірибесін қабылдауға дайынбыз", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Хабарламада айтылғандай, 2000 жылдан бастап Эстонияда Еуропадағы үздік электронды үкімет жүйесі енгізілген. Халыққа электронды қызмет көрсететін дерекқорда 500-ден астам атаулар сақтаулы.

Сондай-ақ тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады.

"Құрметті Президент мырза, Сізді өткен президенттік сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз. Біз үшін Сізді Эстонияда мемлекеттік сапармен қабылдау үлкен құрмет. Сіздің сапарыңыз өте үлкен әлеуетке ие біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қатынастарды тереңдетуге көмектесетініне сенемін. Осының бәрі энергетика тақтатасы, ауыл шаруашылығы, көлік-транзит саласы, эстондық порт арқылы батыс нарығына жүк тасымалдау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға серпін береді", - деп атап өтті Андрус Ансип.

Фото: logycom.kz.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны