06.09.2012, 13:09 3120

Қазақстан Эстонияның "жасыл экономика" мен энергия үнемдеу технологияларына қызыушылық танытады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстандық-эстондық бизнес форум барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Эстонияның "жасыл экономика" мен энергия үнемдеу технологияларына қызыушылық танытады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстандық-эстондық бизнес форум барысында сөз сөйлеген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.

Сөз арасында Үкімет басшысы Эстония Қазақстанның ұзақмерзімді әріптесі саналатынын жеткізді. "Қазақстан мен Эстонияның қарым-қатынасы достық пен ынтымақтастықтың қағидаттарына негізделген. Бүгінгі күні Қазақстанда 54 бірлескен кәсіпорын сауда, қаржы және азаматтық құрылыс салаларында табысты қызмет етуде. Ирине, бұл көрсеткіш біздің әлеуеттерімізді толық көрсетіп отырған жоқ. Ендеше, бүгінгі форум біздің өзара тиімділікке ұмтысымызға септік болып, біздердің іскерлік орталарымызға да зор мүмкіндіктер ұсына алады", - деді ҚР Премьер министрі

Сондай-ақ, Үкімет басшысы қазақстанның Эстониядан инновациялық технология тартуға қызығушылық танытатынын жеткізді. "Көлік, авиация тасымалы секілді дәстүрлі ынтымақтастықтан бөлек, Эстония тарапы үлкен жетістіктерді еңсерген "жасыл экономикаға", энергия үнемдеу технологияларына қызығушылық танытады. Біз Қазақстанда осы бағытты игеруді енді ғана қолға ала бастадық. Сондықтан да, бұл бағытта тәжірибе жинақтаған эстониялық компаниялардың үлгісін қарастырып көргіміз келеді", - деді Үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны