03.07.2007, 16:41 3049

Қазақстан Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі аясындағы әріптестерімен энергетикалық диалогқа әзір - ҚР СІМ

АСТАНА. 3-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан барлық мүдделі тараптармен, соның ішінде Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі аясындағы әріптестерімен энергетикалық диалогқа әзір. Бұл туралы Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің қауіпсіздік форумына қатысқан Қазақстан СІМ делегациясының жетекшісі Рәпіл Жошыбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Македониядағы кездесу Ауғанстан, Косово мен Балқанның болашағы, энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналды. Р.Жошыбаев қатысушыларды энергетикалық қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысты Қазақстанның ұстанымдарын жеткізді.

Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің қауіпсіздік форумы Солтүстік Атлантикалық Альянстың бастамасымен өткізілетін жоғары деңгейдегі жыл сайынғы бейресми кеңес болып табылады. Оған сыртқы саяси және әскери ведомстволардың басшылары, көрнекті саяси қайраткерлер, академиялық топтардың, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны