08.10.2008, 15:55 2649

Қазақстан Еуропаға жүктер мен энергетикалық ресурстар тасымалдауда Венгрияның транспорттық инфрақұрылымын пайдаланудан мүдделі

Қазақстан Еуропаға жүктер мен энергетикалық ресурстар тасымалдауда Венгрияның транспорттық инфрақұрылымын пайдаланудан мүдделі

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Еуропаға жүктер мен энергетикалық ресурстар тасымалдауда Венгрияның транспорттық инфрақұрылымын пайдаланудан мүдделі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бірқатар мемлекеттердің елшілерінің сенім грамоталарын тапсыру рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Венгрия Қазақстан үшін Шығыс Еуропадағы келешегі зор серіктесі болып табылады, екі ел арасындағы қарым-қатынастың әлеуеті үлкен. "Біз Венгрияның шағын және орта бизнесін елімізден көргіміз келеді", - деді президент.

"Біз Қазақстан Nabucco жобасына қызығушылық танытады деп үміттенеміз", -деді рәсімнен кейін Венгрияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Янош Балла.

Ол ағымдағы жылдың қараша айында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан - Венгрия үкіметаралық комиссиясы құрылатынын, оның аясындағы ынтымақтастық ауылшаруашылығы мен транспорт саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тың мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны