11.06.2007, 12:41 3333

Қазақстан Ғаламдық бастамаға қатысушыларға ядролық лаңкестікпен күреске қатысты өз ұсыныстарын таныстырады

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Ғаламдық бастамаға қатысушылардың үшінші кездесуі барысында ядролық лаңкестікпен күреске қатысты өз ұсыныстарын таныстырады.Бұл туралы кездесуді ашқан ҚР СІМ Марат Тәжин құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі Ғаламдық бастамаға қатысушылардың үшінші кездесуі өтуде, оған әлемнің 50 елінің өкілдері қатысып отыр. Кездесу барысында бастама аясындағы жұмыстардың алғашқы қорытындысы мен қатысушы елдердің бастаманың жұмыс жоспарына енгізетін жаңа ұсыныстары қаралмақшы. Сондай-ақ, жаңа қатысушыларды қабылдау рәсімі өткізіледі. Кездесуге Ресей жағынан РФ СІМ-нің орынбасары Сергей Кисляк пен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Джон Руд төрағалық етуде.

Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі Ғаламдық бастаманы АҚШ және РФ президенттері 2006 жылдың шілде айында өткен "Үлкен сегіздік" саммитінде Санкт-Петербургте ұсынған. Бастамаға G8 елдері (РФ, АҚШ, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Италия, Канада), сондай-ақ, Қытай, Австралия, Қазақстан, Түркия және Марокко елдері біріккен. Бастамаға Халықаралық атом энергиясы агенттігі бақылаушы ретінде қатысуда (МАГАТЭ).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны