18.08.2008, 17:23 2860

Қазақстан Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы шиеленісті реттеу жоспарына қол қойылуын қолдайды

Қазақстан Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы шиеленісті реттеу жоспарына қол қойылуын қолдайды

Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Грузия мен Оңтүстік Осетия арасындағы шиеленісті реттеу жоспарына қол қойылуын қолдайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев журналистер сауалына байланысты мәлім етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Біз Ресей және Франция президенттері форматын келісіп, кейін оған Грузия мен Оңтүстік Осетия қосылған шиеленісті реттеу жоспарына қол қойылуын қолдаймыз. Бұл аталған күрделі проблеманы шешуге саяси-құқықтық негіз қалайтын оңды факт екені сөзсіз. Шиеленісті бейбіт жолмен реттеуге балама жоқ", -деді Е. Ашықбаев.

"Осыған сай біз реттеу жұмыстары БҰҰ жарғысымен, ЕҚЫҰ-ның Хельсинкидегі қорытынды актісімен, сондай-ақ, 1966 жылғы азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактілермен айқындалған құқықтық кеңістікте жүргізілуге тиіс деп санаймыз", -деді СІМ өкілі.

Оның айтуынша, "Қазақстан бұл өңірде гуманитарлық апат болып жатқанын байқап отыр және сол себепті бүгінде зардап шеккен қарапайым азаматтарға қайырымдылық көмектің кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз ету - аса маңызды міндет болмақ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны