05.07.2007, 14:01 2854

Қазақстан Хорватия аумағында мұнайгаз өндірістерін сатып алудан мүдделі

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Хорватия аумағында мұнайгаз өндірістерін сатып алудан мүдделі. Бұл туралы Қазқстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Хорватия президенті Стьепан Месичпен кездесуден кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Мен Хорватия жағының мұнай өңдеу зауытын жекешелендіру мен мұнайгазқұбыры жүйесінің акцияларын сатып алуға септігін тигізгенін өтіндім", - деді Н. Назарбаев. "Қазақстанда ірі мұнай және газ қоры бар, сол себепті біз халықаралық нарыққа шығу үшін мұнайгаз құбырларының бағытын әртараптандырудан мүдделіміз", - деді мемлекет басшысы.

Атап айтсақ, президенттің сөзіне қарағанда Қазақстан "Дружба" - Адрия мұнай құбырына атсалысудан мүдделі.

Сонымен бірге екі мемлекет басшысы екі жақты сауда-саттық деңгейінің Хорватия мен Қазақстанның әлеуетіне сай келмейтінін атап өтті. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, 2006-жылы екі ел арасындағы тауар айналымы $7,4 млн, 2007-жылдың қаңтар- наурыз айларында - $27,8 млн болған. "Екі ел арасындағы қарым-қатынас қанағаттанарлық деңгейде жеткен жоқ. Біз Хорватия мен Қазақстанның мүддесіне сай бұдан да жоғары деңгейге қол жеткізуге тиіспіз", - деді С. Месич.

Оның айтуынша, "Хорватияда Қазақстанмен арада іскерлік ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық бар, бірақ ол үшін заңды аяны кеңейткен жөн, онсыз өзара ынтымақтастықты тереңдету мүмкін емес".

Мәселен, президент Н. Назарбаевтың айтуынша, мемлекет басшылары тиісті органдарға екі жақты байланысты тереңдетуге бағытталған үш келісімнің жобасын дайындауды тапсырды: Инвестицияларды өзара қорғау туралы келісім, Қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі келісім мен Туризм мен спортты дамыту жөніндегі келісім. "Біз бұл келісімдерді таяу уақыттарда дайындау жөнінде тапсырма бердік", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан президенті сонымен бірге Қазақстанның Хорватиядағы және Хорватияның Қазақстандағы консулдық қызметтерін құру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады, "олар біртіндеп толыққанды елшіліктерге айналады".

Журналистер сауалына жауап берген С. Месич өз елі Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болу жөніндегі өтінішін қолдайтынын жеткізді. "Біз Қазақстанды шынайы қолдаймыз. Бұл бейбітшілікті нығайтуға септігін тигізеді", - деді Хорватия жетекшісі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны