05.05.2008, 15:26 2502

Қазақстан инновациялық өндірістер құруда Чехияның инвестициясын тартудан мүдделі - Қазақстан президенті

Қазақстан инновациялық өндірістер құруда Чехияның инвестициясын тартудан мүдделі - Қазақстан президенті

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан инновациялық өндірістер құруда Чехияның инвестициясын тартудан мүдделі. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Чехияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісінің сенім грамотасын тапсыру рәсімі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз үшін жоғары технологиялы инновациялық өндірістер құруда Чехияның инвестициясын тарту аса қызығушылыұқ тудырады", - деді президент. Осы орайда ол "ұлттық қорлар, өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы саласы, шағын және орт а бизнес салалары бойынша ынтымақтастықтан үлкен келешекті болжайтынын" атап өтті.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан Чехия Республикасымен арадағы байланысқа айрықша маңыз береді. "Біздің елдеріміздің арасында саяси диалог орнаған, қажетті келісімдерге қол қойылды, ынтымақтастықтың абсым бағыттары айқындалды", - деді президент.

Өз кезегінде Қазақстандағы Чехия елшісі Бедржих Копецки рәсімнен кейінгі брифингте екі жақты ынтымақтастықты дамыту үшін екі елдің "үлкен әлеуеті бар екенін, оны әсіресе экономика саласында пайдалануға болатынын" атап өтті.

ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметінше, екі ел арасындағы тауар айналымы өткен жылы 194 млн долларға жетті, ал 2006 жылы ол 157 млн долларды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны