18.01.2010, 18:35 3044

Қазақстан Иранға уран сатпақ болды деген ақпарат бойынша Халықаралық атом энергиясы агенттігі ресми мәлімдеме жасамайды - ҚР СІМ

Қазақстан Иранға уран сатпақ болды деген ақпарат бойынша Халықаралық атом энергиясы агенттігі ресми мәлімдеме жасамайды - ҚР СІМ

Астана. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Иранға уран сатпақ болды деген ақпарат бойынша Халықаралық атом энергиясы агенттігі ресми мәлімдеме жасамайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жұма күні ҚР мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директорымен болған кездесуінде соңғысы Қазақстан тарапын Associated Press мақаласында көрсетілген жалған мәліметтерді дереу жоққа шығарғандығы үшін Қазақстан тарапына алғысын білдірген және бұл жағдайды біржақты айқындап бергенін әрі Халықаралық атом энергиясы агенттігі өз жұмысында осы позицияға арқа сүйейтінін айтқан.

Асқар Ибдірахмановтың айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдар жүргізген жұмыстың қорытындысы бойынша, Associated Press мақаласында келтірілген Қазақстанның Иранға уран сатпақ болғаны туралы дерек расталмаған. Ресми өкіл мұндай мәмілелерді жасау тіпті теория жүзінде мүмкін еместігін атап көрсетті. "Қазақстанның атом технологиясы саласындағы бүкіл қызметі толықтай Халықаралық атом энергиясы агенттігінің стандарттарына сәйкес және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бақылауымен жүзеге асырылады", деді ол.

"ҚР Сыртқы істер министрлігі Associated Press таратқан ақпараттардың шынайылығына жауаптылықты бүкіл БАҚ-тың қызметіндегі принциптердің бірі деп есептейді, таратылған ақпараттар қуатталмаған жағдайда жоққа шығарылуы қажет", деді А. Ибдірахманов.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазір Қазақстан Иранға уран сатпақ болды деген жалған ақпараттың шыққан көзін анықтаумен айналысып жатыр.

"Қазіргі уақытта ҚР Сыртқы істер министрлігі осы жалған ақпараттың пайда болу себептерін және көздерін анықтаумен аналысуда және ядролық қаруды таратпау ісіндегі ғаламдық көшбасшылардың бірі болып табылатын Қазақстанның беделін одан әрі нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда", деді А. Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны