08.10.2007, 15:48 3577

Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі - Назарбаев

Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі - Назарбаев

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Италия экономикасына инвестиция салуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Италияның премьер-министрі Романо Продимен кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Экономиканың даму сатысындағы Қазақстан Италияға инвестия салуға дайын",- деді Н. Назарбаев.

"Бүгінгі істің ахуалы, біздің сізбен барлық бағыттарда да сіріктес екендігіміздің айғағы, және де Қазақстанның осы қатынастарды дамытуға дайын екендігін айтып отыр",- деп атап көрсетті ол.

"Бүгінде Италия - Қазақстанның жетекші экономикалық серіктесі болып табылады және өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауданың 70 пайызға өсіп, 8,5 млрд АҚШ долларын құрағандығы қанағаттанарлық жағдай",- деді президент. "Италияның Қазақстанға салған инвестициясының жалпы сомасы 1 млрд АҚШ долларын құрайды",- деп қосты ол.

"Өзара түсіністікпен және де сеніммен дамып келе жатқан саяси қатынастар мәдениет, экономика және бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді",- деп санайды Н. Назарбаев.

Қазақстанның басшысы сондай-ақ, Италия қазақстанның астығын негізгі импорттаушылардың бірі екендігін атап өтті. Оның айтуынша, 1999 жылы Қазақстаннан Италияға 1 млн-нан астам тонна азық-түлік бидайы арттырылған.

Италияның премьер-министрі өз кезегінде, Қазақстанмен екіжақты қатынастарды нығайтуыға мүдделі екендіктерін атап өтті. "Біз өзара қатынаста болып, энергетика, ауылшаруашылығы сияқты және басқа да салаларда бір бірімізге көмектесе аламыз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны