16.10.2007, 18:14 4207

Қазақстан Каспий айдынын ішкі сулар, аумақтық теңіз, балық аулау аймақтары мен ортақ су кеңістігі деген принциппен бөлісуді талап етеді

Қазақстан Каспий айдынын ішкі сулар, аумақтық теңіз, балық аулау аймақтары мен ортақ су кеңістігі деген принциппен бөлісуді талап етеді.

Астана. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий айдынын ішкі сулар, аумақтық теңіз, балық аулау аймақтары мен ортақ су кеңістігі деген принциппен бөлісуді талап етеді. Бұл туралы бүгін Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының екінші саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз Каспий айдынын ішкі сулар, аумақтық теңіз (кемінде 12 теңіз милі), балық аулау аймақтары (25-30 теңіз милі) мен ортақ су кеңістігі деген принциппен бөлісуді ұстанамыз. Біздің пайымдауымызша, аталмыш вариант ең тиімді және барлық Каспий жағалауы елдерінің мүдделеріне сай. Сонымен қатар, көрсетілген аймақтардың атауларына емес, олардың ені мен құқықтық режиміне аса назар аудару қажет",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Аймақтық теңіздің сыртқы шебі, біздің пайымдауымызша, мемлекеттік шекара болып табылуға тиіс",- деп санайды ол.

Қазақстан елбасының пайымдауынша, "осы аймақтардағы барлық балық аулау құқықтарына тиісті тараптар ие болуға тиіс". "Каспий жағалауындағы елдер ашық теңізде келісілген балық аулау квотасы мен кәсіпті лицензиялау негізінде балық аулау және кеме қатынастарының бостандығы құқығына ие болады",- деп түсіндіріп өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны