16.10.2007, 18:58 3024

Қазақстан Каспий теңізінің түбімен тартылатын мұнай құбырларының бағытын түбі сол елге қарасты бөлікте жатқан елдермен ғана келісуді ұсынады

Қазақстан Каспий теңізінің түбімен тартылатын мұнай құбырларының бағытын түбі сол елге қарасты бөлікте жатқан елдермен ғана келісуді ұсынады.

Астана. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Каспий теңізінің түбімен тартылатын мұнай құбырларының бағытын түбі сол елге қарасты бөлікте жатқан елдермен ғана келісуді ұсынады. Бұл туралы бүгін Тегеранда өткен Каспий жағалауы елдері мемлекет басшыларының екінші саммитінде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Каспий жағалауындағы көмірсутегі ресурстарының кенішін қарқынды игере бастау оларды тасымалдау жобаларын жүзеге асыру шартын анықтауға қатысты ең белсенді іс-әрекетті талап етеді. Қазақстан жағының пайымдауынша, мемлекеттердің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тартылатын мұнай құбырларының бағытын түбі сол елге қарасты бөлікте жатқан елдермен ғана келісу қажет",- деп мәлім етті Қазақстанның елбасы.

Н. Назарбаев Каспий теңізінің түбі мен жер қабатын бөлуге қатысты мысал ретінде "Қазақстан, Изербайжан және Ресей арасындағы қол жеткізілген келісім-шартты, оның Каспийдің солтүстік бөлігіндегі мұнайгаз қорын игеру үшін халықаралық-құқықтық базаны қамтамасыз етіп, тартымды және тұрақты инвестициялық климат құратындығын" атап өтті.

"Каспий жағалауы ішкі континенттік мемлекеттерінің барлық көлік құралдарының транзитінің еркіндігі мен басқа теңіздер мен Дүниежүзілік мұхитқа ену құқығы туралы ереже бірқатар жан-жақты халықаралық келісім-шарттарда қарастырылған, сонымен қатар конвенцияда бекітілуге тиіс",- деп атап өтті ол.

Президент, қазіргі жағдайда "сөз тек теңіз кемелері туралы ғана емес, басқа да көлік түрлері туралы, соның ішінде мұнай құбыры туралы болып отырғандығын" түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны