20.06.2007, 19:19 7790

Қазақстан Каспийдің биологиялық қорын сақтау мәселелері жөніндегі келісімге тезірек қол қоюға шақырады

АСТАНА. 20 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан Каспий жағалауындағы мемлекеттерді Каспий теңізінің биологиялық қорын сақтау және жаңғырту мәселелері жөніндегі бесжақты келісімге тезірек қол қоюға шақырды. Бұл туралы ҚР сыртқы саясат мекемесінің басшысы Марат Тажин мәлім етті, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

"Каспий теңізінің биологиялық қорын пайдалану, сақтау және орнын толықтыру саласында Каспий жағалауындағы мемлекеттердің өзара ықпалдастығын тезірек және нақты ғылыми негізде заңды рәсімдеу және де осы мақсаттарда сәйкес бесжақты келісімге қол қою қажет",- деді Марат Тажин, бүгін Тегеранда өткен Каспий жағалауындағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесінде сөз сөйлей отырып.

Қазақстан жағының пайымдауынша, балық аулау және биологиялық қорларды пайдалануды "тараптар өндіруге артықша құқық беретін тиісті аймақтарда және келісілген аулау квотасы мен лицензияның негізінде ашық теңізде жүзеге асыруға тиіс".. "Осыған байланысты Каспий теңізінің биологиялық қорын тиімді пайдалану, сақтау және орнын толықтыру мәселесіне ерекше тоқталу қажет",- деп атап көрсетті ол. "Қазіргі уақытта аталмыш проблемаға қатысты қажетті халықаралық-құқықтық реттеу мен браконьерлікпен күрес және биологиялық қорларды аулауды бақылаудың заңды механизмі жоқ", деді М.Тәжин.

"Каспийде аумақтық теңіз құру, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнату жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", деп атап көрсетті министр. "Сонымен қатар, - деп қосты ол, - көрсетілген зоналардың атауына емес, ені мен құқықтық режиміне аса назар аудару керек". "Аумақтық теңіздің сыртқы шегі мемлекеттік шекара болуға тиіс, жағалаудағы мемлекеттер соның шеңберінде дербес құқықтарға толыққанды ие болмақ. Бұл аумақтық біртұтастық пен шекаралардың қол сұғылмаушылығын қамтамасыз етуге кепілдік береді",- деп атап көрсетті ҚР СІМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны