26.06.2009, 11:04 1153

Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Солтүстік Атлантикалық альянспен ынтымақтасты одан әрі жалғастырады - Тоқаев

Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Солтүстік Атлантикалық альянспен ынтымақтасты одан әрі жалғастырады - Тоқаев

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Солтүстік Атлантикалық альянспен ынтымақтасты одан әрі жалғастырады. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік ассамблеясының "Роуз-Рот" семинарында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгінде біз Орталық Азияда ұзақ мерзімді перспективада қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық күш-жігерді пәрмендендіруге тиіспіз. Өңірдегі елдер жақын әрі белсенді ынтымақтасқан сайын, олардың халықаралық сахнадағы ұстанымының салмағы арта түседі", - деді Қ. Тоқаев.

Сенат спикерінің пікірінше, "Шанхай ынтымақтастығы ұйымы және ҰҚШҰ секілді өңірдегі ынтымақтастық саясатының берік негізін қалаған халықаралық ұйымдар да өздерінің қажеттілігін және уақытын тапқандығын дәлелдеді. Алайда, бір өкінішті жері, жаңа ғасырдың басы әлемде қауіпсіздік орната алған жоқ. Керісінше, бүгінгі күні халықаралық лаңкестікпен, экстремизммен, есірткі тасымалымен, қару-жарақ және ядролық материалдардың контрабандасымен күрестің ұзаққа созылатындығы айқын байқалып отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны