10.12.2010, 14:17 4521

Қазақстан Кеден одағының жұмысы нәтижелеріне қанағаттанады - Назарбаев

Қазақстан тарапы Кеден одағының жұмысы нәтижелеріне қанағаттанады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевкеше Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Кеден одағының Жоғарғы органы және ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесі отырыстарының қортындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 10 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан тарапы Кеден одағының жұмысы нәтижелеріне қанағаттанады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевкеше Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің қатысуымен Кеден одағының Жоғарғы органы және ЕурАзЭҚ-тың Мемлекетаралық Кеңесі отырыстарының қортындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз мәслихатында сөз алған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев баспасөз мәслихатында Қазақстан тарапы Кеден одағының жұмысы нәтижелеріне негізінен қанағаттанатынын атап өтті.

Президенттің айтуынша, өткізілген кездесулердің маңызды жаңалығы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасына бірқатар келісімдердің қабылдануы болды, табиғи монополияларды реттеу, мұнай мен газ, ауыл шаруашылығы, бәсекелестік, сауда қызметі, өнеркәсіптік субсидиялар және зияткерлік меншік салалары бойынша келісімдер жасалды.

"Енді сарапшылардың алдында Бірыңғай экономикалық кеңістіктің 2012 жылғы 1 қаңтардан жұмыс істей бастауы үшін қол қойылған құжаттардың күшіне енуіне қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдерді атқару міндеті тұр", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Мемлекет басшылары Бірыңғай экономикалық кеңістікті 2012 жылдың 1 қаңтарынан қызмет ете бастайды деп белгіледі және басқа мемлекеттердің қосылуына ашық болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны