17.04.2008, 18:54 3309

Қазақстан кез-келген проблеманы шешуге Қырғызстанға қолдау көрсетуге дайын - Н. Назарбаев

Қазақстан кез-келген проблеманы шешуге Қырғызстанға қолдау көрсетуге дайын - Н. Назарбаев

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан кез-келген проблеманы шешуге Қырғызстанға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевпен кездесуде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Кездесуді ашқан Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қырғызстанға көмектесетін кез-келген мәселені шешуге дайын екенін және екі жақты ынтымақтастықты дамытуға әзір екенін білдірді", - деді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов журналистерге берген сұхбатында.

"Яғни, Қазақстанның Қырғызстан үшін кез-келген мәселені қарауға дайын екендігі және оларды оң шешуге тырысатыны туралы саяси мәлімдеме жасалды", - деді ол.

"Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қырғызстан арасында басқа елдердің қарым-қатынасына ұқсамайтын өзгеше қарым-қатынас бар екенін атап өтті. Н. Назарбаевтың айтуынша, өзара тауар айналымы алғаш рет жарты миллиардтық межеден асып, $531 млн құраған", -деді баспасөз хатшысы.

Н. Назарбаев сондай-ақ, екі елдің таяу уақыттарда тауар айналымын $1 млрд дейін жеткізуге мүмкіндігі бар екенін атап көрсетті.

Қазақстан Қырғызстан экономикасына инвестиция жұмсау жағынан ең белсенді инвестор болып табылады, ол шетелдік 49 инвестордың арасынан бірінші орында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны