06.07.2006, 13:15 3153

Қазақстан КХДР жасаған зымыран сынақтарына қарсылық білдіреді

АСТАНА. 6-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстан Корей Халық Демократиялық Республикасы жасаған зымыран сынақтарына үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров хабарлады.

“Қазақстан Корей Халық Демократиялық Республикасы жасаған зымыран сынақтарына үзілді-кесілді қарсылық білдіреді. Мұндай әрекеттер Азия-Тынық мұхиты аймағындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіре алады”,- деді І.Омаров.

“Біз Корей Халық Демократиялық Республикасының басшылығын алты жақты келіссөздер аясында қол жеткізілген уағдаластыққа бағынуға шақырмыз. Ядролық қару мен оны жеткізу құралдарынан өз еркімен бас тартқан Қазақстаннан үлгі алуға болады деп санаймыз. Біздің елдің бұл қадамы еліміздің қауіпсіздігі мен табысты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге маңызды кепілдік болды”,- деді ол.

Шетелдік БАҚ-тардың хабарлауынша, 5-шілдеде Солтүстік Корея жеті зымыран ұшырған. Соның ішінде Taeposong-2 атты қашыққа жететін баллистикалық зымыранның сәтсіз аяқталған сынағы да бар. Сынақтар дүниежүзілік қауымдастықты хабардар етпестен тұтқиылдан жасалды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны