23.08.2012, 12:38 3064

Қазақстан қырғыз жастары үшін білім гранттарын бөледі

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі үшінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен брифинг өткізді.

Бішкек. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан қырғыз жастары үшін білім гранттарын бөледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Алмазбек Атамбаев Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесі үшінші отырысының қорытындысы бойынша бірлескен брифинг өткізді.

Отырыстың қорытындысы бойынша екі жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 8 құжатқа қол қойылды.

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы этнос, тіл, дін және ұлттық дәстүрлері жағынан тарихи жақын елдер екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ, Қазақстан қырғыз жастары үшін білім гранттарын бөлетіндігін мәлім етті.

"Біз қырғыз жастары қазақ университеттерінде білім алуы үшін грант бөлеміз. Оның ішінде бүгінгі таңда әлемдегі үздік оқу орындарының рейтингіне кіретін астанадағы халықаралық университет те бар".

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында қырғыз жастарының білім алып жатқандығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны