10.04.2008, 18:22 3119

Қазақстан Қырғызстанда инвестиция көлемі жағынан бірінші орында тұр-ҚР істері жөніндегі Қырғызстандағы уақытша өкілі

Қазақстан Қырғызстанда инвестиция көлемі жағынан бірінші орында тұр-ҚР істері жөніндегі Қырғызстандағы уақытша өкілі

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Қырғызстандағы 49 шет мемлекеттері инвесторлары арасында инвестиция көлемі жағынан бірінші орында тұр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының істері бойынша Қырғызстандағы уақытша өкілі Боранбек Илбергенов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Елшінің сөздері бойынша, Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық көлемі жыл сайын ұлғаюда. 2007 жылы оның мөлшері $177,9 млн жетті, ал 2006 жылы оның көрсеткіші $136 млн құраған болатын.

"Соңғы кезде Қазақстан жағы банк саласымен қатар, аймақтық су энергетикалық ресурстары саласына назар аударып, оны халықаралық су энергетикалық консорциумы немесе бірлескен кәсіпорындарын құру арқылы пайдалануды ойластыруда", -деп атап өтті Б. Илбергенов.

"Инвестиция көлемі одан әрі қарай ұлғаятынына сенімдімін", -деп ойын толықтырды Қазақстан істері жөніндегі Қырғызстандағы уақытша өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны