26.04.2007, 17:13 3390

Қазақстан Қырғызстандағы ахуалдың тұрқталғанын қалайды - Назарбаев

БІШКЕК. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстан Қырғызстандағы ахуалдың тұрқталғанын қалайды. Бұл туралы бүгін Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиевпен жүргізген келіссөздердің аяқталуына қатысты өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

"Біз алаңдаудамыз және де Қырғызстанда бейбітшілік пен тәртіптің орнағанын қалаймыз",- деді Н. Назарбаев. "Демократия тұрақтылық бар жерде ғана болады",- деп атап көрсетті президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қырғызстанға одан әрі инвестиция тарту елдегі тұрақтылық пен сыртқы капитал салымын қорғауға байланысты болады. "Елге қаржы кіру үшін, онда бейбітшілік пен тыныштық болу керек",- деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, президент Қазақстан Қырғызстан экономикасына 300 миллионнан астам АҚШ долларын салған республиканың ірі инвесторы болып табылатындағын атап өтті.

Н. Назарбаев Қырғызстанға шығынға ұшыраған өндірістерді жекеменшікке беруге кеңес берді. "Қырғыз экономикасына түгелдей жекешелендіру жолына түсуге кеңес берем",- деді ол бүгінде Қырғызстанның мемлекеттік кәсіпорындарының тек 5 пайызы ғана кіріс әкелетіндігіне тоқтала отырып.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны