22.08.2012, 16:08 2906

Қазақстан Қырғызстанға 200 мың тонна астық береді

Қазақ пен қырғыз бауырлас әрі көршілес халық екенін атап өткен А.Атамбаев: "Ирине, менің ойымша, Нұрсұлтан Ибішұлының біздің қарым қатынастарымызды жаңа, белсенді, жемісті ынтымақтастық деңгейге жеткізу керек деуі түбегейлі дұрыс", - деді.

Бішкек.22-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Қырғызстанға 200 мың тонна астық береді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақ пен қырғыз бауырлас әрі көршілес халық екенін атап өткен А.Атамбаев: "Ирине, менің ойымша, Нұрсұлтан Ибішұлының біздің қарым қатынастарымызды жаңа, белсенді, жемісті ынтымақтастық деңгейге жеткізу керек деуі түбегейлі дұрыс", - деді.

Осыдан кейін шағын құрамдағы кездесуде көтерілген мәселелерге тоқталған Қырғызстан Президенті: "Қазіргі уақытта біз үшін азық-түлік мәселесі өзекті. Біз Қазақстан Қырғызстанға 200 мың тонна астықты ақшасын бөлу төлеу арқылы жеткізетіндігіне уағдаластық. Газ жеткізу және басқа да мәселелер көтерілді. Бұл тұрғыдан айтар болсам, біз әр уақытта да Қазақстанның, Қазақстан Президентінің қолдауын сезініп келеміз", - деді.

Сондай-ақ А.Атамбаев өз сөзінде Қырғызстанның Қазақ елі алдында орындауы тиісті уағдаластықтарды дер уақытында атқармайтындығына өкінетіндігін жеткізді.

"Ирине, Қазақстанның Президент таңдауда жолы болған. Біз Қазақстанның осы 20 жылдың ішінде қандай жоғары жетістіктерге қол жеткізгендігін көріп отырмыз", - деді А.Атамбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны