22.08.2012, 17:25 3242

Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

Бішкек. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Қазақстан Қырғызстанға қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің үшінші отырысынан кейін Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев мәлім етті.

"Қосымша 100 млн. текше метр газ жеткізу мәселесі шешілді. Бұл өте мағызды мәселе болатын. Біз "Алматы-Кемин" жобасын жүзеге асыруға бірлесіп кірісуге тапсырма бердік. Бұл бізге болашақта электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен энергетика саласының басқа да, атап айтқанда, жаңа бірлескен су электр стансасын салу мәселесі талқыланды. Үкіметаралық комиссияға Шымкенттен Қырғызстан территориясына мұнай құбырын тарту туралы мәселені зерделеу де қазірдің өзінде жүктелді", - деді Қырғызстан Президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны