26.05.2009, 18:09 2958

Қазақстан Корея Халық-Демократиялық Республикасының ядролық қару сынақтарын жүргізуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді - ҚР СІМ

Қазақстан Корея Халық-Демократиялық Республикасының ядролық қару сынақтарын жүргізуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді - ҚР СІМ

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Корея Халық-Демократиялық Республикасының ядролық қару сынақтарын жүргізуіне байланысты алаңдаушылық білдіреді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Корея Халық-Демократиялық Республикасының кейінгі үш жылда екінші мәрте ядролық қару сынақтарын жүргізуіне байланысты айрықша алаңдаушылық білдіреді", - делінген мәлімдемеде.

"Қазақстан ядролық қару иеленуден өз еркімен бас тартқан және ғаламдық қарусыздану процессіне сүбелі үлес қосқан ел ретінде халықаралық қоғамдастықтың үндеулеріне қарамастан, ядролық сынақтар жүргізу жұмыстарының одан әрі жалғасын табуын батыл айыптайды", - деп мәлімдейді СІМ.

"Біз бұл қадам ғаламдық қару таратпау процессіне кері әсерін тигізеді және өңірлік ауқымда да, ғаламдық ауқымда да қауіпсіздікке қатер төндіреді деген кәміл сенімдеміз", - делінген мәлімдемеде.

Осы орайда атап көрсетілгеніндей, "Қазақстан Республикасы Солтүстік Кореяны ядролық пролемалар бойынша Қытай, Ресей, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Жапонияның қатысуымен алты жақты форматтағы келіссөздерге тез арада отыруға және ядролық қаруға қатысты кеудемсоқтықтан толық бас тартуға шақырады".

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 25 мамырында Солтүстік Корея жер асты ядролық қару сынақтарын жүзеге асырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны