23.04.2010, 15:08 3368

Қазақстан Латвияның Транспорт және байланыс институтының филиалын Оралда ашудан мүдделі

Қазақстан Латвияның Транспорт және байланыс институтының филиалын Оралда ашудан мүдделі

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Ригада Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өтті, онда Қазақстан Латвияның Транспорт және байланыс институтының филиалын Оралда ашудан мүдделілік танытты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Телеграф.lv ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Портал мәліметінше, комиссияның қазақстандық жағын Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, латвиялық жағын - көлік министрі Каспарс Герхардс басқарады.

Рәпіл Жошыбаев пен Каспарс Герхардс Baltika-Transit контейнерлік пойызының жұмысын ерекше атап, ЕО пен Азия елдері арасындағы транзиттік жүк ағынын ұлғайтуға деген өзара қызығушылықтан хабардар етті. Тараптар "экономикалардың даму әлеуеті жоғары екенін және сауда айналымын ұлғайтуға және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін" мойындады.

Іскерлік байланыстарды нығайта түсу үшін Қазақстан-Латвия іскерлік кеңесін құру ұсынылды. Латвия осындай кеңестерді Ресей және Беларусь елдерінің кәсіпкерлерімен бірлесе құрған.

Үкіметаралық комиссияның кезекті кездесуі 2012 жылы өтеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ригада 22 және 23 сәуірде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Латвия үкіметаралық комиссиясының үшінші отырысы өтеді. Бұл туралы журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Асқар Ибдірахманов құлағдар етті.

Комиссия отырысының шеңберінде көлік, шағын және орта бизнес, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, электроэнергетика және электр қуатын үнемдеу құралдары, стандарттау, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым, денсаулық және мемлекеттік қызмет, сондай-ақ қаржы салаларындағы ынтымақтастықты талқылау жоспарланып отыр.

Аталмыш комиссия жұмысына Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдардың мамандары мен сарапшылары, іскер топтардың өкілдері қатысады. Осы іс-шараның шеңберінде бизнес-семинарлар ұйымдастырылып, солар арқылы латвиялық іскер топтарды Қазақстанның инвестициялық жобалары мен мүмкіндіктерінен хабардар ете аламыз деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны