15.07.2008, 17:54 1306

Қазақстан мемлекет басшысы Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды

Қазақстан мемлекет басшысы Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаяннан Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапармен баруға шақыру алды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен Сізді Біріккен Араб Имірліктеріне ресми сапармен келуге шақырамын", - деді БАИ президенті екі жақты келіссөздер барысында.

Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаянның Қазақстанға бірінші ресми сапары екенін атап өтті. "Сіздің қазақ халқына деген айрықша назарыңыз екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін паш етеді", -деді ол.

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $304 млн, ал ағымдағы жылдың бес айында $140 млн болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны