28.04.2008, 17:56 3335

Қазақстан мемлекеттік басқару саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттемекші - ҚР СІМ

Қазақстан мемлекеттік басқару саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттемекші - ҚР СІМ

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекеттік басқару және жоспарлау саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттемекші. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Президент әкімшілігінің жетекшісі Дархан Қалетаев басқарған Қазақстан делегациясы 28 - 30 сәуірде жұмыс сапарымен Сингапур Республикасына барады. Сапардың басты мақсаты - мемлекеттік басқару және жоспарлау саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ, тиісті органдардың басшылығымен екі жақты келіссөздер жүргізу", -деді Е. Ашықбаев.

Оның хабарлауынша, "сапар аясында Қазақстан өкілдері танысу мақсатымен "Биополис" технопаркінде, Джуронг аралындағы өнеркәсіптік аймақ пен Кеппел айлағында болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны