26.06.2009, 11:26 1080

Қазақстан мемлекеттік және жеке бизнестің Ауғанстандағы қызметін жандандыра түспек ниетте - Тоқаев

Қазақстан мемлекеттік және жеке бизнестің Ауғанстандағы қызметін жандандыра түспек ниетте - Тоқаев

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мемлекеттік және жеке бизнестің Ауғанстандағы қызметін жандандыра түспек ниетте. Бұл туралы бүгін Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Атлантикалық альянстың Парламенттік ассамблеясының "Роуз-Рот" семинарында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстан Ауғанстанның өңірдегі интеграциялық құбылыстарға белсене араласуын, өзара экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың нығая түсуін қолдайды. Бұл орайда қазақ - ауған үкіметаралық комиссиясының іс-қызметіне үлкен рөл берілуде. Біз сонымен қатар Ауғанстанда мемлекеттік және жеке бизнестің қызметін жандандыра түспек ниеттеміз", - деді Қ. Тоқаев.

"Ауғанстандағы ахуал - айрықша мәселелердің бірі. Қазақстан Ауғанстанның тұрақты дамуынан мүдделі. Біздің пікірімізше, Орталық Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздік осы елдегі ахалдың қалыпқа келуіне айтарлықтай тәуелді. Орталық Азиядағы мемлекеттердің экономикалық интеграциясы Ауғанстанның жаңғыруына қолайлы жағдайлар жасауға сөзсіз септігін тигізеді", - деді ол.

Сенат спикері бұған қоса "Қазақстанның Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күштердің қызметіне өз үлесін қосады" деп атап өтті. "Біздің пікірімізше, қауіпсіздіктің әскериден өзге қырларын нығайта түсу Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның мүддесіне артықша сай келеді", - деді Қ. Тоқаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны