08.12.2011, 10:58 3542

Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда соңғы жылы үштен бір есеге өскен

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов IV Қазақстан-Америка инвестициялық форумының ашылуында бейне байланыс арқылы алғысөз сөйледі.

Нью-Йорк. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда соңғы жылы үштен бір есеге өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, еліміздің Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов IV Қазақстан-Америка инвестициялық форумының ашылуында бейне байланыс арқылы алғысөз сөйледі.

Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде Кәрім Мәсімов, Қазақстан экономикасының 7 пайыз өсімін қамтамасыз етіп отырған Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасы туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

"Шетелдік инвесторлар бізге экономикамызды көркейтуге көмектесті. Біздің елімізде жайлы бизнес-климат жасалды, экономиканың өсуіне барлық жағдай бар және біз өзара тиімді халықаралық серіктестікті күтеміз",- деді К.Мәсімов.

"Соңғы жиырма жылда біз Кеңес Одағының шекпенінен шыққан экономикасы қиындау және болашағы белгісіз елден бастап тәуелсіз және гүлденген ұлтқа дейінгі аралықты жүріп өттік. Және бұл жолда біз жалғыз болған жоқпыз. Біздің халықаралық серіктестеріміз бен шетелдік инвесторларымыз осынау жетістікке өз үлестерін қосты. Олардың ролі келешекте те зор. Бүгінгі жетістіктерімізді мақтан тұта отырып, алда бізді әлі көп игіліктер күтіп тұрғанына сенемін", - деді К.Мәсімов.

Премьер-Министр сондай-ақ әлемдік экономикадағы рецессия тәуекелі туралы еске салды. "Қиын кезеңдерге дайын болу керек екенімізді біз білеміз, сондықтан да экономикамызды теріс сценарийден қорғауға көмектесетін жоспар құрдық. Біз табанды қадамдар жасауымыз керек",- деп атап көрсетті ҚР Премьер-Министрі.

Форумда қазақстан-американ ынтымақтастығының ауқымды мәселелері, атап айтқанда өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, қаржы секторын, ядролық технологияларды және мұнай-газ секторын дамыту туралы сөз болады.

Ал жеке тақырыптық сессияда американдық бизнеспен серіктестікке арналған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның мүмкіндіктері таныстырылады.

Қазақстандық делегацияны еліміздің экономикалық ықпалдастық істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова бастап барды.

Америка тарапынан форумға энергетика министрінің бірінші орынбасары Даниэл Понеман, сауда өкілінің орынбасары Деметриоус Марантис, Сауда және бизнес жөніндегі мемлекеттік департаменттіің арнайы өкілі Лорреин Харитон және басқалар қатысуда.

Форум спикерлерінің арасында "Wolfensohn & Company" компаниясының төрағасы, Дүниежүзілік банктің бұрынғы президенті Джеймс Вульфенсон, "Citigroup" вице-президенті Зубаид Ахмад, Халықаралық валюта қорының жетекшілері және басқалар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны