05.07.2008, 16:10 2892

Қазақстан мен АҚШ экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

Қазақстан мен АҚШ экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр

Астана. 5 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен АҚШ экология саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Бұл туралы тараптар Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Мұрат Рақымбергеновтың жетекшілігімен Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің делегациясының АҚШ-қа сапары барысында келісті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Сапар мақсаты - Қазақстан мен Американың табиғат қорғау ведомстволарының арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау, табиғат қорғау заңын бұзғандарға санкция қолдану бойынша тәжірибе алмасу, Қазақстан аумағын зиянды қалдықтардан тазарту жөніндегі жобаларға АҚШ мамандарының қатысу нәтижелерімен танысу", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

АҚШ Қоршаған ортаны қорғау агенттігінің Нью-Йорк пен Денвердегі кеңселерін аралау барысында екі елдің табиғат қорғау мекемелерінің өкілдері қоршаған ортаны тазарту бойынша жобаларды жүзеге асыру механизмдерін талқылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны