12.04.2010, 17:32 3149

Қазақстан мен АҚШ ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен АҚШ ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Алматы. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан мен АҚШ ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан тарапынан келісімге кеше ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаров, АҚШ тарапынан - АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Роберт Блейк қол қойды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарламасына сәйкес, Қазақстан мен АҚШ ғылым саласында, соның ішінде қару таратпау саласында 1991 жылдан бері ынтымақтасып келеді. Жоғарыда аталған келісімге қол қою ғылыми ынтымақтастықты бекіте түседі, ал бұл білім беру, денсаулық сақтау, биотехнологиялар, энергетика, сейсмикалық зерттеулер, су ресурстарын басқару, ақпараттық технологиялар, инженерия және қоршаған ортаны қорғау саласында бірлескен іс-шараларды өткізуді жеңілдетеді.

Қазақстан мен АҚШ екі жақты ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы (STA) келісімге қол қою жөніндегі келіссөздерді 2003 жылдан бері жүргізіп келеді. STA Өзара түсіністік туралы меморандумды жүзеге асыру аясында мекемелер, министрліктер, институттар, университеттер мен зерттеу орталықтары өзара ынтымақтаса алатын арқау-негізді қалайды. Келісімде сонымен қатар келісім шеңберіндегі бірлескен іс-қызметтер үшін салықтан, кедендік баж салықтары мен алымдардан босату қарастырылған.

Қазақстанмен арада қол қойылған бұл келісім АҚШ қол қойған ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы 51-ші екіжақты келісім, және АҚШ Орталық Азия өңіріндегі бұрынғы кеңестік республикамен арада қол қойған ең бірінші келісім болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны