29.11.2012, 12:06 2821

Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, елші Уэнди Шерманмен кездесу өткізді.

Астана. 29-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен АҚШ ядролық қауіпсіздік мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдрысов АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары, елші Уэнди Шерманмен кездесу өткізді.

"Кездесу барысында олар екі ел арасындағы ядролық қауіпсіздік саласындағы бірлескен жұмыстарды, сауда-экономикалық қарым-қатынасты, энергетика мен адам құқығы саласындағы өзара әрекеттестікті қамтитын стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен перспективалық бағыттарын талқылады", - делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Сондай-ақ тараптар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері, атап айтқанда Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру туралы пікір алысты.

Министрліктің хабарламасында атап көрсетілгендей, АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының сапары қазақстан-американдық қарым-қатынастың стратегиялық серіктестік рухында одан әрі дамуына жаңа серпін береді.

Естеріңізге сала кетсек, өзінің өңірлерге жасаған сапары барысында АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Қазақстанмен қатар, Ауғанстан, Үндістан және Қырғызстанда болып қайтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны