10.01.2008, 19:25 3175

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты күшейтпекші

Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты күшейтпекші

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен АҚШ қауіпсіздік және ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастықты күшейтпекші. Бұл туралы бүгін келіссөздерден кейін өткен брифингте американдық сенатор Ричард Лугар мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Р. Лугар атап өткеніндей, қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысымен кездесу барысында Нанна-Лугар "Қауіпті бірлесіп жою" бағдарламасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

"Дүние жүзінде және Қазақстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, біз бұрыннан бері Қазақстанмен ядролық қару-жарақты қысқарту мәселесі бойынша жұмыс жасап, соңғы жылдары қауіпті патогендер жөнінде ақпаратпен алмасу үшін, биологиялық бағдарламалар бойынша жобаларды қарқынды дамытудамыз", - деп атап өтті АҚШ сенаторы. "Бірлесе отырып қауіпті азайтуға бағытталған бағдарлама тағы да жеті жылға ұзартылды. Сондықтан, біздер бірлесе отырып жұмыс жасайтынымызға сенім білдіремін", - деп мәлімдеді ол.

Сенатордың айтқан сөздері бойынша, келіссөздер кезінде энергетикалық қауіпсіздік мәселесіндегі қарым -қатынас жолдарының болашағы талқыланды. "біз бүгін энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін көтердік", -деді американдық сенатор. "Қазақстандағы сапардан кейін, біз Түркменстан, Изербайжан және Украинаға бет аламыз. Ирине, бұл мемлекеттерде біз энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін талқылап, осы сала бойынша қарым- қатынас жасаудың тетіктерін қарастырамыз ", - деп хабарлады Р. Лугар.

Естеріңізге сала кетсек, 1992 жылы АҚШ сенаторлары Сэм Нанна мен Р. Лугардың бастамасымен "Қауіпті бірлесіп жою" бағдарламасы қабылданып, енді жаппай қыратын қаруды таратпау және қауіпсіздік саласы Қазақстан мен Америка арасындағы қарым -қатынастардың негізгі ықпалдастығына айналды. Қазақстанда бұл бағдарлама жаһандану режімін нығайту жолындағы маңызды бастама деп танылуда.

Қазақстан мен АҚШ 1993 жылдың желтоқсан айында ядролық қарудың алдын алуға арналған шеңберлі келісімге қол қойған болатын. Келісім жеті жылдық мерзімге арналып, оның одан әрі ұзартылуы да қарастырылған болатын. 2007 жылдың желтоқсанында екі жақ бұл келісімге кезекті жеті жылға тағы да қол қойып ұзартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны