27.11.2012, 17:46 3449

Қазақстан мен АҚШ сауда және инвестициялар жөнінде екіжақты комиссия құрмақ

Бұл шешім Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ енуі жөніндегі келіссөздері барысында қабылданды, деп хабарлады республиканың экономикалық интеграция істері жөніндегі хатшылығының жетекшісі.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен АҚШ сауда және инвестициялар жөнінде екіжақты комиссия құрмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл шешім Вашингтонда Қазақстанның ДСҰ енуі жөніндегі келіссөздері барысында қабылданды, деп хабарлады республиканың экономикалық интеграция істері жөніндегі хатшылығының жетекшісі.

Сапар аясында Қазақстанның экономикалық интеграции істері жөніндегі министрі Жанар Айтжанова Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, сенаттың, АҚШ сауда өкілдігі офисінің басшылығымен кездесулер өткізді.

"Екіжақты сауданы нығайту және қазақстандық экономиканың шикізаттық емес секторларына америкалық инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан мен АҚШ арасында сауда және инвестициялар жөнінде екіжақты комиссия құру туралы шешім қабылданды", делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны