14.06.2007, 18:25 3000

Қазақстан мен Ауғанстан өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылауда

АСТАНА. 14-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Ауғанстан Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Ахмад Зия Масуд бастап келген үкіметтік делегациямен кездесу барысында екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі гуманитарлық-экономикалық әріптестікті нығайтуға, экономиканың әртүрлі салаларына инвестиция тартуға және білікті мамандарды дайындау мен оқыту мәселелерінде өзара іс-қимылға шақыратын Ауғанстанмен ынтымақтастықтың әлеуметтік бағдарламасын қарастыруда,- деп атап өтті үкімет басшысы К. Мәсімов. Келісімдер барысында талқылаудың бір тармағы ретінде осы жылы бірқатар инвестициялық жобаларды қарастыруды қолға алатын бірлескен үкіметаралық комиссия құру мәселесі сөз болды.

"Біз үкіметаралық комиссияның құрылуын қолдаймыз және мен бұл екі елдің экономикалық ынтымақтастығын нығайтуда өте маңызды қадам болатынына сенемін", - деді әңгіме барысында Ахмад Зия Масуд.

Жалпы алғанда, тараптар қазақстан-ауғанстан ынтымақтастығына қатысты мәселелерді кең көлемде талқылады. Атап айтқанда, ол мәселелер қазақстандық компаниялардың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы, ауыл шаруашылығы (қазақстандық астықты тасымалдау жайы) мен көлік инфрақұрылымын дамытуға қатысты болды. Кездесуде банк, құрылыс, екі ел аумағы арқылы жүк тасымалы салаларында әріптестікті нығайту, есірткі таралымына қарсы күрес және мәдени байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны