13.01.2010, 12:53 2696

Қазақстан мен Австрия арасында үкіметаралық инвестицияны қорғау мен ынталандыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Қазақстан мен Австрия арасында үкіметаралық инвестицияны қорғау мен ынталандыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Австрия арасында үкіметаралық инвестицияны қорғау мен ынталандыру жөніндегі келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 12 қаңтарда Венада ҚР мемлекеттік хатшысы -сыртқы істер министрі, ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы Қанат Саудабаев Австрияның халықаралық істер жөніндегі министрі Михаель Шпинделеггермен кездесті.

Кездесу барысында қазақстан-австрия қарым-қатынастарының даму барысы және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзараықпалдастық мәселелері сөз болды. Қ.Саудабаев әріптесімен Қазақстанның ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасауының басым бағыттары, "Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асу барысы, өңірлік қауіпсіздік оның ішінде Ауғанстан мәселесі жөнінде пікір алмасты.

ЕҚЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастыққа тоқтала келе, Қазақстанның сыртқы істер ведомствосы басшысы жыл ортасына қарай Алматыда ұйымның сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуін өткізуді ұсынды. Өз кезегінде М.Шпинделеггер "Ресми Вена алғашқылардың бірі болып Қазақстан төрағалығын қолдағанын және елдің бастамаларына қосыла отырып, беделді ұйым шеңберінде өзара ықпалдастықты қолдайтынын" жеткізді. Ол Елбасының ЕҚЫҰ саммитін өткізу жөніндегі идеясының ұйым әлеуетін нығайтуда уақтылы шара екендігін ескере отырып, аталмыш бастаманы қолдайтындығын білдірді.

Екіжақты қатынастардағы сауда - экономикалық бағытты қарастыра келе, сыртқы саясат ведомстволарының басшылары олардың қарқынды дамып келе жатқанына қанағаттанғандық сезімдерін жеткізді.

Ғаламдық қаржылық дағдарысқа қарамастан соңғы екі жылда 1 млрд АҚШ долларын құраған өзара сауда-саттық 2007 жылғы көрсеткіштен үш есе артық көрсеткішке жетті. Министрлер сонымен қатар энергетикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері туралы пікір алмасты.

Сөз соңында К.Саудабаев М.Шпинделеггерді Қазақстанға келіп қайтуға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша үкіметаралық инвестицияны қорғау мен ынталандыру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Аталмыш құжат туралы айта келе австриялық министр бұл құжаттың инвестициялық ықпалдастықтың жаңа кезеңге аяқ басуына себеп болатындығына тоқталды.

Өз кезегінде отандық сыртқы істер ведомствысының басшысы шетелдік беделді БАҚ өкілдерін Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басым бағыттарымен таныстырды.

Ол Қазақстан үшін Вена Еуропалық одақ аясындағы саяси және экономикалық маңызды серіктес болып табылатындығын, сонымен қатар барлық сала бойынша екіжақты үнқатысуды дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны