23.10.2012, 18:32 3237

Қазақстан мен Австрия екі жақты құжаттарға қол қойды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия басшысы Хайнц Фишер австриялық компаниялардың көрмесіне қатысты.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Австрия екі жақты құжаттарға қол қойды , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия басшысы Хайнц Фишер австриялық компаниялардың көрмесіне қатысты.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер Қазақстан мен Австрия іскерлерінің бизнес-жобаларымен танысты.

Сонымен қатар, тараптар бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды. Олардың арасында Қазақстан-Австрия іскерлік кеңесін құру туралы, Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Австрия Экономика палатасының экономиканы дамыту институты арасындағы ынтымақтастық туралы, "қазМұнайГаз" ҰК мен Австрияның OMV концерні арасында өзара түсіністік туралы меморандумдар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны