15.07.2008, 18:16 1252

Қазақстан мен БАИ таяу уақыттарда қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қоймақ ниетте

Қазақстан мен БАИ таяу уақыттарда қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қоймақ ниетте

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері таяу уақыттарда қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қоймақ ниетте. Мұндай шешім бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Біріккен Араб Имірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид аль Нахаянның кездесуі барысында қабылданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келіссөздерде инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне баса назар аударылды. Біріккен Араб Имірліктерінің инвесторлары үшін қолайлы жағдайлар жасау үшін, сондай-ақ, олардың салымдарын сенімді қорғаудың тетіктерін жасау үшін таяу уақыттарда қосарланған салықты болдырмау жөніндегі конвенцияға қол қою қажеттігі туралы және өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімнің жобасын жасауға кірісу туралы пікір айтылды", - делінген баспасөз баянында.

Тараптар сонымен бірге көлік саласындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. "Бұған Ақтауды дамыту жобасы дәлел. Атап айтсақ, қазір ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен "Дубаи Уорлд Компани Лимитед" компаниясы Ақтау айлағының құрғақ жүк причалдарын басқаруға беру және Ақтау теңіз айлағын солтүстік бағытта ұлғайту аясында контейнерлік терминалды концессияға беру жобалары дәйектелуде", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны