08.11.2012, 14:55 3837

Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда

Ауыл шаруашылығына арналған машина жасау - Қазақстан мен Белоруссия арасындағы аграрлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады, деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлебаев Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Белоруссия Үкіметаралық комиссияның отырысында.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Беларусь ауыл шаруашылығында бірлескен жобаларды жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ауыл шаруашылығына арналған машина жасау - Қазақстан мен Белоруссия арасындағы аграрлық ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады, деп атап өтті ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлебаев Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Белоруссия Үкіметаралық комиссияның отырысында.

"Қазақстан мен Белоруссия арасындағы ынтымақтастықтың үлкен бөлігі - бұл ауыл шаруашылығы машиналарын жасау. Бүгінгі күні Белорусь техникасы Қазақстан нарығындағы ірі ойыншы болып табылады", - деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлебаев отырыс барысында.

Қазіргі кезде "ҚазАгроҚаржы" АҚ ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алып, артынан қазақстандық фермерлерге лизингке беру бойынша Белоруссия кәсіпорындарымен қоян-қолтық жұмыс істеуде. "Компания 5 мың данадан астам Белорусь техникасын сатып алды", - деді Марат Төлебев.

Өз кезегінде, Белоруссияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік вице-министрі В.Казакевич Қазақстанға сүт өндіретін мал шаруашылығы кешенін әзірлеу бойынша қызмет көрсету және таза сүт өнімдерін өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы ұсынысын білдіріп, сөз сөйледі.

"Біз өзімізбен бірге Белоруссия жерінде қолданылып жүрген 9 жобаны алып келдік, әрі оларды біздің қазақстандық әріптестерімізге беруге әзірміз", - деді Василий Казакевич.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Белоруссия Үкіметаралық комиссиясының IX отырысы болып өтті, оған орталық және жергілікті атқару органдарының және екі елдің алдыңғы қатарлы компанияларының басшылары қатысты. Отырыс Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Михаил Мясниковичтің Қазақстанға ресми сапары шеңберінде өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны