09.11.2012, 12:25 3214

Қазақстан мен Беларусь бірқатар жаңа келісім шарт жасады

Атап айтқанда, ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов пен Беларусь Премьер-Министрі Михайл Мясникович бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойды.

Астана. 9-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Астанада Қазақстан мен Беларусь Үкіметтері арасындағы келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжаттар бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов пен Беларусь Премьер-Министрі Михайл Мясникович бүгінгі келіссөздердің қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойды.

Бұдан бөлек ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев және Беларусь Өнеркәсіп министрі Дмитрий Катеринич ведомствоаралық, ауыл шаруашылық және коммуналды техникалық бірлескен қазақстандық-беларустық индустриялық-технологиялық парк құру туралы меморандумды бекітті.

Сонымен қатар ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Беларусь Салық және алымдар министрі Владимир Полуян салық заңдарын сақтау мәселелері бойынша ынтымақтастық және өзара көмек туралы үкіметтік келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Ал, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Беларусь Орман шаруашылығы министрі Михаил Амельянович ведомствоаралық орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті.

Сондай-ақ, "Қазақтелеком" АҚ-ның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев және "Герсис Софтвер" ЖШС бас директоры Михаил Чупринский компаниялар арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны