13.09.2007, 13:48 2725

Қазақстан мен Беларусь үкіметінің басшылары жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойды

Қазақстан мен Беларусь үкіметінің басшылары жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 13 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан Республикасы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Беларусь Республикасының үкімет басшысы Сергей Сидорский жұмыс кездесулерінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойды,

деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

"Кездесу жемісті және өнімді болды. Біз екі ел үкіметің біздің бүгін қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыру мен қойылған міндеттерді шешуде нақты іс-әрекет жоспары болуы үшін хаттамаға қол қойдық",- деді Қазақстан Республикасы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов құжатқа қол қою салтанатынан кейін өткен брифингте.

"Жақын арада екі елдің президенттері ЕурАзЭҚ саммиті кезінде Тәжікстанда кездеседі деп жоспарлануда, және де осы кезге дейін мәселелердің жартысы өз шешімін табуға тиіс",- деп түсіндірді К. Мәсімов.

Беларусь үкіметінің басшысы өз кезегінде, "бүгінгі келіссөздер барысында талқыланған басты тақырып - екі жақты сауда-экономикалық қатынастардың болашағы болды", деп атап өтті. "Біздің негізгі міндетіміз екі мемлекет экономикасын интеграциялаудың болашағын айқындау болмақ",- деді С. Сидорский.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны