15.07.2008, 18:34 1212

Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері сауда-экономикалық ынтымақтастықты қарқындандыруға келісті

Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктерінің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халиф бен Заид аль Нахаян бүгін Астанада өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктерінің мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халиф бен Заид аль Нахаян бүгін Астанада өткен келіссөздер барысында сауда-экономикалық және саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Келіссөздерде сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі ұлғайту тетіктері талқыланды. Атап айтсақ, Біріккен Араб Имірліктерінен Қазақстандағы шағын және орта бизнес жобаларына тәжірибе, технологиялар мен инвестициялар тарту үшін екі елдің кәсіпкерлік орталары арасындағы ынтымақтастықты пәрмендендіру қажеттігі айтылды. Осы тұрғыда екі елдің іскерлік кеңесі мен үкіметаралық комиссиясының іс-қызметін пәрмендендірудің маңызы зор",- делінген хабарламада.

Екі елдің көшбасшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері арасында саяси саладағы ынтымақтастық өзара сенімділік және конструктивтік сипатта екенін айтты. "Тараптар шешуші халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының жақындығын атап өте отырып, БҰҰ, Ислам Конференциясы ұйымы және басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдардың аясындағы ынтымақтастыққа айрықша маңыз берілетінін жеткізді", - делінген баспасөз баянынында.

Қазақстан жағы Біріккен Араб Имірліктерінің Қазақстанның "Ортақ әлем: әртүрлілік арқылы ілгерілеу" тақырыбында мұсылман және батыс елдерінің сыртқы істер министрлерінің форумын өткізу жөніндегі бастамасына көрсеткен қолдауына жоғары баға берді", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны