14.05.2010, 12:26 3152

Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 13 мамырда Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-БАИ халықаралық комиссиясының 4-ші отырысы барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Имірліктерінің Үкіметі арасында ұйымдасқан қылмысқа, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың, олардың прекурсорлары мен аналогтарының заңсыз айналымына, терроризмге және қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісімге Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Иубәкіров қол қойды.

Келісім әмірліктер тарапымен қылмысқа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты қарастыратын алғашқы заңдық негіздегі құжат болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны